Айналайын халқымнан Сері атаған
- Подробности
- Создано 31.01.2019 23:00
30 қаңтарда кітапхананың оқырман залында жерлесіміз жазушы, драматург, қоғам қайраткері Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының 85 жылдығына орай өткізілген «Айналайын халқымнан Сері атаған»- атты әдеби кеш өтті. Кітапханашы кешімізді бастап, тақырыпқа байланысты слайд көрсетті. Кешімізге орталық аудандық кітапхана библиографы Жәкенова Макка Топашқызы қатысты. Макка Топашқызы жазушының өмірбаянын әңгімелеп берді. Әрі қарай кітапханашы жазушының кітаптарына шолу жасады. Сәкен серінің қаламынан тамған «Абылай рухына ұрпақ баяны», «Ана қиын» жыр жолдарын мәнерлеп оқып берді.
Жазушының «Заманай» романының желісімен түсірілген көркем фильмнен үзінді көрсетіліп, Сәкен серінің Астанада тұрған үйіне «Естелік тақта» қойылғаны туралы видиофильм көрермендер назарына ұсынылды. Іс-шараның соңында Тұманбай Молдағалиевтің арнау өлеңі , Өтежан Нұрғалиевтың «Серінің соңы» атты өлеңдері оқылды. Кітапханашы студентетерге жазушының өмірі мен шығармашылығынан викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерді сыйлықтармен марапаттады.