27/12/2024  Пятница

Прогноз погоды

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Күні 24.10.2016 ж Топ 12

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Ы.Алтынсаринның өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі туралы айтып білімдерін  тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы» мазмұнымен таныстыру. Әңгімелеріне талдау жасау.

Дамытушылық: Студенттердің  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға,шығарма мазмұнын аша білу қабілетін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: студенттердің  әдебиетке, Ыбырай шығармашылығына деген сүйіспеншілігін ояту,еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта,шығармалар жинағы.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру.талдау.сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы: IҰйымдастыру кезеңі:

                                 Оқушылардың назарын сабаққа аудару

IIСабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру

ШЖаңа сабақ:

                   Оқысаңдар, балалар.

                   Шамнан шырақ жағылар.

                   Тілегенің алдыңнан

                    Іздемей-ақ табылар.

                   Кел ,балалар, оқылық,

                   Оқығанды көңілге.

                   Ықыласпен тоқылық.-деп жырлаған «Дала қоңырауы» кім еді?

 

Оқушылардың есіне Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін түсіру.топтастыру

 

2.Ы.Алтынсарин өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау

Жылдар

                  Маңызды оқиғалар

1841

Қостанай облысы Затобол ауданы Атқарағай ауылында дүниеге келген

1850

Орынбордағы жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі

1859

Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш болады

1860

Торғай мектебінде мұғалім болады.

1864

Торғайда мектеп ашады

1876-1879

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады

1879

Торғай облысы мектептерінің мектептеріне инспектор болып тағайындалады.

1881

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады

1879-1883

Торғай қаласының төрт мектебінде мектептер ашылады/Торғай,Ырғыз,Тройцк,Ақтөбе/

1883

Торғайда қолөнер мектебі ашылады

1883

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралын жазды

1887

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылды

1887

Қостанай уезінде мектептер ашып,жанынан 25 орындық интернат салдырды

1889

Ауыр науқастан қайтыс болды

 

Цифрлы диктант.Сіздерге кесте үлестіріледі. Кестеге сәйкес 6 сұрақ оқимын, сұрақтарға тек цифрлармен жауап беріледі.

Ы.Алтынсарыұлы қай жылы  дүниеге келді?  (1841ж)

Қай жылы Ы.Алтынсарыұлы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды?  (1879 ж)

«Қырғыз хрестоматиясы» оқулығы қашан шықты? (1879 ж)

Шоқан Уәлиханов  қай жылы дүниеге келді? (1835 ж)

Ыбырай қай жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медалмен бітіріп шықты? (1857 ж)

Ыбырай Алтынсарин  қай жылы дүние салды? (1889ж)

 

1

2

3

4

5

6

1841

1879

1879

1835

1857

1889

 

Жазып болсаңдар кестелеріңді көршілеріне беріңдер. Бір-біріне кестелерінді тексеріп қанша дұрыс жауап бар астына жазып қойыңдар. Қанша дұрыс болса сонша ақыл аласыңдар.

1 тапсырма. Зияткерлік тест . Шашылған сөздерден сөйлем құра.

Қай шығармадан алынған?

1. Ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне,жеңілдететін,бір, шөп. 

Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.) «Асыл шөп»

2. Барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. 

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

«Бақша ағаштары»

3. Тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. 

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.) « Әке мен бала»

3 тапсырма . Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру

Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

Оқысаңызбалалар,

Шамнаншырақжағылар

Тілегеніңалдыңнан,

Іздемей-ақтабылар.

 

Өнер-білімбар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылықалысжерлерден,

Жылдамхабаралғызды.

 

Кімсендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңақуанып, қайғыңакүйетұғын.

Түнұйқысынтөртбөліп,кірпікқақпай,

Шешеңбайғұсдамылсызжүре-тұғын.

 

 

Сабақты бекіту:

Сабақты бекіту:

1 Ы.Алтынсарыұлы кім? (Ағартушы,жаңашыл,педагог,қоғам қайраткері)

2 Ы.Алтынсарыұлының қандай шығармаларымен таныстық? («Әке мен бала», «Бақша ағаштары»)

3 Ы.Алтынсарыұлымен тығыз байланыста болған миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы кім?(Ильминский)

4. Ы..Алтынсарин шығармаларындағы идеяларды қандай мақал-мәтелдер арқылы білдірер едіңдер.

Рефлексия кезеңі:

Нені білемін?        Нені білдім?     Нені білгім келеді?

Оқушылар білімін бағалау

Үй тапсырмасы:Ы.Алтынсарин шығармашылығы туралы мазмұндау. «Өнер білім бар жұрттар» өлеңін жаттау.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных