Өтініш үлгісі, өтініш туралы түсінік
- Подробности
- Создано 31.05.2016 23:00
Күні: 31.05.16 қазақ тілі 12-топ
Сабақтың тақырыбы: Өтініш үлгісі, өтініш туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Студенттерге ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне
қатысты іс қағаздарының түрлері, оның
тілдік, құрылымдық ерекшелік
тері туралы түсінік бере отырып, өтініш құрылымы туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
2) Дамытушылық: Шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Құжатүлгілерінтолтырудаұқыптылыққа, тиянақтылыққажәнежауапкершіліккетәрбиелеу.
Сабақтыңтипі: аралассабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, құжат үлгілері, кестелер, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру және олардың назарын сабаққа аудару.
Көніл-күйлерін тексеру мақсатында өздерінің көңіл-күйін бір сөзбен ақ параққа жазып, тақтаға іліп қояды.
ІІ. Үйтапсырмасынтексеру.
1. Хаттама дегеніміз не?
2. Хаттама жазу құрылымы
3. Құжат дегеніміз не?
4. Ресми құжаттар олардың түрлері
5. Стильдің түрлерін атаңыз.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың жоспары:
1. Тарихи жаңалық
2. Жеке адамға қатысты құжаттармен танысу.
3.Өтініш түрін үлгі бойынша жазу.
4. Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
І тарихи жаңалық
ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласында
қолданылған ресми іс қағаздарының тілі
• Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады.
• Іс қағаздар атаулары: ғарыз, ғарызнаме, ғарызхал.
• Бір жағдайды хабарлау, оқиғаны баяндау, бір нәрсені білдірту үшін жазылған іс қағаздары: ағламнаме, ғарзенаме.
• Ең көп қолданылған сөздер:хан, ханзада, қара, ақсүйек, құл, күң, байғұс, жамағат, халық, ел сөздері көп қолданылған
ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілінің ерекшелігі.
• Оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім салалары жаңдана түсті;
• “Қазақ газеті”, “Айқап” журналы, “Садақ” журналы қазақтың жазба әдеби тілін, оның стильдік тармақтарын әрі қарай дамытуға орасан зор қызмет атқарады.
• Фонетикалық өзгерістері:
• Ғақыл - ақыл
• Ғақылдасу - ақылдасу
• Хәзірлеу - әзірлеу
• Дұрст - дұрыс
• Ғайып - айып
• Ғөнер - өнер
• Хәр - әр
• Достқа- досқа
ІІ Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздары:
• Өмірбаян, түйіндеме, жекеіспарағы, визит карточкасы, өтініш, арыз,мінездеме, жеделхат.
Өтініш( кейде шағым).Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.
Өтініштің құрылымы:
- Адресат;
- Құжаттың аты;
- Мәтін;
- Күннің жады;
- Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.
Өтініштің түрлері:
1)Жұмысқа қабылдау туралы (о принятии на работу)
2)Жұмыстан босату туралы (об увольнении с работы)
3)Басқа қызметке ауысу (о переводе на другую должность)
4)Демалыс алу туралы (отпуск)
Сөздікпен жұмыс:
• Өтініш –заявление
• Жұмыс –работа
• Құжат –документ
• Жұмыстан босату –уволить с работы
• Демалыс-отпуск
Жалғау және Есімдік
• Жіктікжалғау:
• -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.
• Жіктеу есімдіктері:
• мен, сен, сіз, ол.
Қолданылатын септіктер:
• Барыссептік: Шығыссептік:
• -ға/-ге, -қа/-ке. -дан\-ден, -тан\
-тен, -нан\-нен
Қарату формалары (формы обращения)
• Директор, ханым, мырза, төраға, төрайым.
Етістік минимумы:
өтінемін /сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсатету, босату, ауысу, пайдалану, бөлу.
ІІІ Өтініш үлісі
Ш.Құдайбердиев атындағы
Семей мемлекеттік
университетінің ректоры проф.
А.С.Қаппаровқа
филология факультетінің 2-курс
студенті А.М. Оспановадан
Өтініш
Мені денсаулығыма байланысты филология факультетінің күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.
27.06.2013 ж. қолы
VІ Тапсырмалармен жұмыс:
1. Өтініштегі сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыз:
1 қатар.
2016 жылдың / бастап / 10 қарашасынан / отбасы / байланысты / жағдайына / 1 апта / тыс / кезектен / демалыс / еңбек / сұраймын / беруіңізді.
2 қатар.
Қабылдауыңызды / мені / осы жылғы / сұраймын / жбас маман / 15 шілдеден / қызметіне / батап / ретінде.
3 қатар.
Менің / АрыстановАзаматты/ балам / сізден / қабылдауыңызды / 5 - сыныпқа / сұраймын.
Өтініш сөзін тәуелдеп шығыңыз.
2. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.
Л.Н. Гумилев атында...
Еуразия ұлттық университеті...
ректоры проф. Е.Б. Сыдықов...
Сәбитов Айдар Мақсұтұлы...,
мекен-жайы:
Астана қ., Мирзоян к-сі, 27/1-15
тел. 37-46-89, 87015632569
Өтініш
Сіз... мені 2012 жыл... 20 ақпанынан бастап «Экономика» кафедрасы... 0,5 ставкадағы аға оқытушысы лауазымына қабылдауыңыз... сұраймын.
20.02.2012 ж. /қолы
3. Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.
1 қатар.
Материалдықкөмексұраутуралы.
2 қатар.
Отбасыжағдайыңызғабайланыстыақысыздемалыссұраутуралы
3 қатар.
Жұмысқақабылдаутуралы
Қорытынды:
• Өтініштің құрылымын атаңыз?
• Өтініштің түрлерін атаңыз?
· Компьютергеотырып, берілгентапсырманы орындаңыз.
Бағалау:
Сабақтан алған әсері.
Үй тапсырмасы:
1. Жоғары оқу орындары туралы мәлімет алып, сол жоғары оқу орын директорына оқуға қабылдау жөнінде өтініш жазындар.
2. Өтініш үлгісі А4 ақ параққа жазылуы тиіс.