Өтініш, өтініштің түрлері
- Подробности
- Создано 31.05.2016 23:00
Сабақтың тақырыбы: Өтініш, өтініштің түрлері
Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік, құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өтініш құрылымы және өтініштің түрлері туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
дамытушылық: : Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: : Б. Блум жүйесі бойынша ,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар
Тех. құрал-жабдық: интербелсенді тақта, ақыл қалам.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
IІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Жаңа сабақты қорытындылау
VI. Оқушылардың білімін бағалау
VIІ. Үйге тапсырма беру
I.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
1) Іс қағаздары, оның түрлері
2) Өтініш, оның түрлері мен құрылымы
3) Іс қағаздары стилінің ерекшеліктері
2. Түсіну
Интербелсенді тақта арқылы жаңа материалды түсіндіру
Іс қағаздары дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.
Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат .
Өтініштердің түрлері сан алуан. Мазмұны бойынша әр қилы болғанымен, мақсаты бойынша бір.
- жұмысқа қабылдау
- жұмыстан босату
- басқа жұмысқа ауыстыру
- кезекті демалыс сұрау
- кезектен тыс демалыс сұрау
материалдық көмек, пәтер алу, балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау.
Өтініштің құрылымы
– Құжат адресациясы ;
– Құжаттың аты;
– Мәтін;
– өтініш жазылған күні, айы, жылы.
– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.(үлгі көрсетіледі)
Іс қағаздарының стильдік ерекшеліктері
1 Мәтін өте жинақы құрылады
2 Сөйлемдер , негізінен, екі негізді болып келеді
3 Экспрессивті сөздер қатыспайды
4 Мәтін баяндау, хабарлау түрінде келеді
5 Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде цифрмен көрсетіледі.
V. Жаңа сабақты бекіту
3. Қолдану.
1. Дидактикалық материалдар
1. Үш күн сабақтан босатуын сұрап,мектеп директорына өтініш жазыңдар.
2. Бір мекеме басшысына өзіңді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңдар.
3. Спорт секциясына, үйірмелерге қатысуға сұралатын өтініш жазу
4. Мына сөздерді тәуелдеңіз, септеңіз.
Өтініш, арыз, хаттама
4.Талдау.1. Семантикалық карта бойынша жұмыс
2. «Полиглот» ойыны. Берілген сөздердің баламасын табу.
Берілген сөздер |
Орыс тілі |
Ағылшын тілі |
aрыз куәлік анықтама түсінікхат сенімхат мінездеме хаттама |
Заявление удостоверение справка объяснительное письмо довереность характеристика протокол |
statement certificate reference explanation letter power of attorney characteristic protocol |
5. Жинаќтау
«Іс жүргізуші» ойыныӘр студент интерактивті тақтадан 1-ден 8-ге дейінгі сандардан тұратын ұяшықтардығы іс қағаздарға мысал жазады
1. Арыз 2.Өтініш 3. Анықтама 4.Түсінікхат 5.Қолхат 6.Сенімхат 7.Мінездеме 8. Хаттама
6. Бағалау.
Бағалаукестесі арқылы оқушылардың білімін, белсенділігінсараптау, бағалау.
Рефлексия
Үйге тапсырма беру.