«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»
- Подробности
- Создано 06.10.2021 17:26
Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесі күні құтты болсын демекшіміз.
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!