23/12/2024  Понедельник

Прогноз погоды

"Білімді ұрпақ - ел тірегі" атты жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі

 

2021 жылдың 17 ақпаннан 2 наурыз аралығында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде "Білімді ұрпақ - ел тірегі" атты жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі өткізілді.

 

Жоспар бойынша 17 ақпан күні алғашқы іс-шараны, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Қ.С.Касенова және К.Ж.Койшибаева «ХХ ғасыр көшбасшысыІ» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен зияткерлік сайысын өткізді. Бұл сайысқа 11 топ студенттері қатысты. Сайыс жеңімпаздары болып І орынды Сапарғали Әбдірахман, ІІ орынды Санкина Карина, ІІІ орынды Бижанов Архат иеленді.

 

18 ақпан күні дене шынықтыру пәні бойынша «Көңілді старт» атты сайысын дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Е.А.Даулетжанов пен Б.Ш.Садвакасов өткізді. Ойын өте қызықты әрі әсерлі болды.

 

19 ақпан күні математика пәні бойынша «Қызықты сағат"» атты сайысын математика пәнінің оқытушысы   С.А.Жаркин өткізді.

Сабақ басында сайыс бірінші кезең таныстырудан басталды. Топтар Қырандар және Дос деп аталды. Келесі кезеңдер ауызша интерактивті тақта көмегімен өткізілді.

Логикалық сұрақтар және Полиглот сайыстарында белсенділік көрсеткен топ "Дос" болды. "Кім жылдам?" блиц-сқрақтарында Карина "Дос" тобынан белсенділік көрсетті.5, 6, 7 кезеңдерде топтар бірдей ұпай жинап өздерің жақсы көрсетті. Сайыс соңғы кезең "Топ басшылар сайысымен" аяқталды. Осы кезеңде екі топтан Карина "Дос" және Айшат "Қырандар" топтарынан. Көпшілік сұрақтарға Карина жауап берді және осы сайыста Дос тобы ұпай санының көпшілігімен жеңіске жетті.

23 ақпан күні физика пәні бойынша «Ойлан тап» атты сайысын физика пәнінің оқытушысы Н.К.Кошмановна өткізді. Ойын сабақ өте қызықты болды. Студенттер бұл ойында пән бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шындады.

23 ақпан күні орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Фразеологиялық викторина » атты сайысын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Р.Д.Каженова өткізді. Ойын сабақ өте қызықты болды. Студенттер бұл ойында пән бойынша фразеологиялық сұрақтарға жауап берді. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру кезде, студенттер қиналмай оңай құрастыра алды.

24 ақпан күні химия пәні бойынша «Ғажайып химия» атты сайысын химия пәнінің оқытушысы М.Т.Дюсембекова өткізді. Ойын сабақ өте қызықты және әсерлі болды. Сабақ барысында 4 түрлі тәжірибелер көрсетілді. Тәжірибені өткізубарыснда Бижанов Архат оқытушыға көмектесті.

24 ақпан күні тарих пәнінің оқытушысы Л.К.Сарбасова «Мен Президент болсам» атты тақырыпта пікірталас өткізді. Бұл пікірталасқа 11 топ студенттері Бижанов Архат, Зикен Айбек және Жаров Алтынхан қатысты. Студенттер өздеріне ұсын өз ойларын қиналмай еркін жеткізе алды. Аталғаг студенттердің арасынан Зикен Айбек берілген тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізгендіктен, тыңдаушылардың көбісі Айбекке дауыс беріп Іорынға ие болды.

25 ақпанда ағылшын тілі пәні бойынша онлайн олимпиада өткізілді, оған 1 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың нәтижелері бойынша 4 студент олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

1 орын: Санькина Карина, Нюденова Арина

2 орын: Баттал Батырхан, Шайменов Олжас

2 наурыз күні география пәні бойынша «Жас географ» атты сайысын география пәнінің оқытушысы Г.Р.Усенова өткізді. Ойын сабақ өте қызықты болды. 11 топ студенттері «Жалын» тобы және «Болашақ» тобы болып екі топқа бөлініп, бір – бірімен жарысты. Берілген сұрақтарға қиналмай жауап берді. Бұл сайысқа студенттер өте белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдады. Сайыс соңында «Болашақ» тобы Іорынды иеленсе, «Жалын» тобы ІІ орынға ие болды.

2 наурыз күні өзін –өзі тану пәні бойынша «Мир самопознания » атты сайысын өзін –өзі тану пәнінің оқытушысы Б.А.Гиззатова өткізді. Ойын өте қызықты болды. Бұл сайысқа 1 курс студенттері «Дружба» тобы, «Болашақ» тобы және 22 курс студенттері «Мир» тобы болып үш топқа бөлініп бір – бірімен жарысты. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс барысында қатысушылар ертегі кейіпкерлерін оңай таба алды. Сайыс соңында «Болашақ» тобы І орынға, «Мир» ІІ орынға, «Дружба» тобы ІІІ орынға ие болды.

Онкүндік аясында өткізілген іс-шараға белсенділік танытып, жеңімпаз аталған студенттер салтанатты жиында марапатталып, сыйлықтармен табысталды.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных