Бір ғасыр шежіресі
- Подробности
- Создано 20.12.2019 18:27
20 желтоқсан күні ауданымызға «Солтүстік Қазақстан » газетінің директоры Жарасбай Қадоллаұлы Сүлейменов мырза келіп, колледж оқырмандарымен кездесті, Тарихы тереңде жатқан басылымға биыл 100 жыл. Бір ғасырлық шежіресі бар газеттің алғашқы атауы «Кедей сөзі » болған екен. Аты аңғарып тұрғандай сол жылдардағы бұқара топтың мұң-мұқтажын көтеру мақсатында ашылған басылым бүгінгі таңда тек ақпарат құралы емес руханияттың қайнар көзіне айналып отыр. Жарасбай Қабдоллаұлы ғасыр шежіресінен сыр шерте отырып,жастарды газет оқуға шақырды.