Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік
- Подробности
- Создано 02.05.2018 17:00
Бүкіл Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап өтті. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын осы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің ұжымы жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы грузин халқының биін биледі. Өнерлі таланттар грузин халқының ұлттық киімін киіп, сахна көркін аша түсіп, көрермен көңілінен шыға білді. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбітшілікте күн кешейік, достар!