22/12/2024  Воскресенье

Прогноз погоды

Дөңгелек үстел «Жырымен жұртын оятқан»

12 сәуір күні Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Ауылшаруашылық колледжінің кітапханасында «Жырымен жұртын оятқан» атты дөңгелек үстел өтті. Іс- шараға бірінші курс студенттері мен мұғалімдер Жанарбек Сайранұлы, Жаңыл Қазбекқызы, Бақытгүл Асқарқызы, Құралай Сайранқызы қатысты.

«Қазақтың дарабоз ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараны кітапханашы Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен таныстырудан басталды. Тақырыпқа байланысты ақынның өмір жолын көрсететін презентацияқатысушылар назарына ұсынылды. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, көрермендер ақынның жырларымен танысты. Лавров Никита «Сүйемін» өлеңін оқыса, Алпысбаев Еламан «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтеріп, сұлу да сырлы жырларымен ұлтымыздың ұлы ақынына айналған поэзия пайғамбарын қалай ұлықтасақ та жарасады. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Поэзия сүйетін, сол арқылы барша алашты сүйетін азамат үшін Мағжан Жұмабаев мәңгі есте сақталады.

Кітапханашы Мусина А.А.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных