22/12/2024  Воскресенье

Прогноз погоды

Астана – жас қала

Биыл қазақ жұрты әсем қаламыз – Астананың құрылғанына 20 жыл толған мерейлі тойына қызу дайындалып жатыр. Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі де бұл шарадан тыс қалған жоқ. 2018 жылдың 8 ақпан күні қолөнер үйірмелерінің жетекшілері Аубакирова А.И. мен Каркошев Б.А. ұйымдастыруымен колледжімізде «Астана – жас қала» атты көрме ұйымдастырылды.

Колледж студенттері еңселі Елордамыздың әсем сәулетінен шабыттанып, сол әсемдікті өз жұмыстарында көрсете білді. Көрмеде Қазақстанның ең биік 10 ғимаратының қатарына жататын «Транспорт Тауэр» әкімшілік ғимараты, Бейбітшілік пен келісім сарайы- Пирамида, XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, сауда және ойын-сауық кешені – Хан  Шатыр, EXPO-қалашығы және де қазіргі Қазақстанның  нышан-символы, визиттік карточкасы - «Бәйтерек» монументі ерекше көзге түсті.

Асқақтаған Астана  еркелеп аққан Есілдің жағалауында орналасқан. Қазіргі таңда халық Астананы тамашалап, қызықтап, кең көшелермен қаланы саяхаттап жүреді. Тіпті шет елдерден келген қонақтар қаламыздың көркем жерлерін аралап, тамсанып мақтау айтып кетіп жатыр. Бас қаламыз Астананың сәулет өнері арқылы қаламызда  әсем, зәулім көз  тартар биік ғимараттар бой көтеруде. Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын-үй кешендері, әкімшілік ғимараттары, гүлзарлар мен субұрқақтар, әдемі монументтер мен сәулет ескерткіштері және де жастар ойын-сауық кешендеріде бар.

Колледжімізде осы елеулі мерекеге арналған көптеген іс-шаралар жоспарланған. Әсем қала Астанамыз жылдан жылға көркейіп өсе берсін!

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных