Мақалалар мен жаңалықтар
Дөңгелек үстел «Жырымен жұртын оятқан»
- Толығырақ
- Құрылды 16.04.2018 17:00
12 сәуір күні Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Ауылшаруашылық колледжінің кітапханасында «Жырымен жұртын оятқан» атты дөңгелек үстел өтті. Іс- шараға бірінші курс студенттері мен мұғалімдер Жанарбек Сайранұлы, Жаңыл Қазбекқызы, Бақытгүл Асқарқызы, Құралай Сайранқызы қатысты.
2018 жылдың 1 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
- Толығырақ
- Құрылды 02.04.2018 17:00
2018 жылдың 1 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы колледжде, облыс төңірегіндегі колледж студенттері арасында Мағжан Жұмабаевтың 125 жыл толуына орай «Мағжан жыры – мәңгілік» атты облыстық Мағжан оқулары байқауы өтті. Біздің Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінен 1 курс студенті Байишов Эдуардт «Мен Мағжанды сүйемін» номинациясы бойынша қатысып, ІІ орынға ие болды.
Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді
- Толығырақ
- Құрылды 14.02.2018 17:00
2018 жылдың 9 ақпан күні Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Астана – жас қала
- Толығырақ
- Құрылды 14.02.2018 00:00
Биыл қазақ жұрты әсем қаламыз – Астананың құрылғанына 20 жыл толған мерейлі тойына қызу дайындалып жатыр. Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі де бұл шарадан тыс қалған жоқ. 2018 жылдың 8 ақпан күні қолөнер үйірмелерінің жетекшілері Аубакирова А.И. мен Каркошев Б.А. ұйымдастыруымен колледжімізде «Астана – жас қала» атты көрме ұйымдастырылды.