08/06/2025  Жексенбі

Ауа райы

Мақалалар мен жаңалықтар

«Терроризм мен экстремизм» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.

Толығырақ...

«Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» атты дөңгелек үстел өткізілді

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде 30 қазанда « Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға 11,12,21 топ студенттері мен оқытушылар қатысты. Студенттерге тәрбиелік мәні бар видео роликтер көруге ұсынылды, кейін олар көргендері жөнінде өз ойларымен бөлісті. Оқытушылар өз өмір тәжірибелерінен мысалдар келтірді.

Толығырақ...

Тарихи танымдық саяхат

17 қазанда топ жетекшісі Ж.С. Мажитов пен АӘД жетекшісі Е.А. Даулетжановтың ұйымдастыруымен 11 топ студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданымыздың Сәкен сері атындағы мәдениет үйінің және №2 Кішкенекөл мектебінің мұражайына, Мәңгілік Даңқ монументіне, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке саяхат жасады.

Толығырақ...

«Қызықты қазақ тілі» сайысы

Қазақстан халқының тілдері күні. 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.

Толығырақ...