27/07/2024  Сенбі

Ауа райы

Колледж туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
«Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазіргі уақытта колледж еңбек нарығындағы мамандарға және қоғам мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерге сұраныс негізінде тез дамып келеді.

Колледж жалпы орта білім беру компонентін сақтай отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асырады.

Барлық мамандықтар бойынша мамандарды даярлаудың мазмұны мемлекеттік білім беру стандарттарының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарына негізделеді. Болашақ мамандарды даярлаудың сапасы педагогикалық кадрлардың жоғары деңгейімен, тәжірибелі мамандарды оқу үрдісіне тарту, білім беру үрдісін ұтымды ұйымдастыру және білім беру үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асады.

Колледждің заманауи технологиялық базасы және оқу үдерісін ұйымдастыру колледж студенттеріне заманауи және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратпен дұрыс жұмыс істеу дағдысын меңгеруге, мамандықтағы жаңашылдықтарды өз бетінше меңгеруге, талдауға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі, сондай-ақ оқытушылар құрамының, студенттердің және олардың ата-аналарының өз міндеттерін нақты түсіну білім беру үдерісінің сәттілігіне ықпал етеді. Колледж еліміздің алдында тұрған маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі – Қазақстанның экономикасын жоғары білікті және жоғары ақылы орта деңгейлі кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries