Мақалалар мен жаңалықтар
Білім күні
- Толығырақ
- Құрылды 01.09.2019 17:48
Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі 1 курс білім алушылары үшін есігін айқара ашып 1 қыркүйек күні салтанатты жиын өткізді. Білім күніне «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» концепциясы арқау болды.
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТАРИХШЫСЫ
- Толығырақ
- Құрылды 20.05.2019 09:48
Еліміздің тарихшыларын қолдау мақсатында қолға алынған Республикалық «Үздік тарихшы» жобасы аясында «Жылдың үздік жүз тарихшысы» атты үздік тарихшылар байқауыөткізілді. Байқауға Республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Аталған байқауға колледжіміздің жоғарғы санатты тарих пәнінің оқытушысы, ардақты ұстазымызЛәззат Қабиболлақызы Сарбасова қатысып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломымен және арнайы тағайындалған «Жылдың үздік тарихшысы» төсбелгісі марапатталды.Сонымен қатар Ләззат Қабиболлақызының есімі «Жылдың үздік жүз тарихшысы» атты материалдар жинағына енгізілді. Марапаттау Нұр-Сұлтан қаласы министрлер үйінің конференц-залында өтті.
«Қазақстан - Ұлы Дала Елі»
- Толығырақ
- Құрылды 17.05.2019 09:37
«Қазақстан — Ұлы Дала Елі» қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата біл!