08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

Күз – береке, байлықтың бастауы

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің студенттері үшін «Алтын күз» - ең сүйікті мерекелерінің бірі. Осы мереке қызықты да, әсерлі өтеді. Студенттер мерекеге қызу дайындалады: мерекелік костюм, концерттік бағдарлама құрастырады. Сонымен қатар, зал да әсем безендіріледі.

Биыл да, өткен жылдай өте қызықты болды. Студенттер «Хан мен ханшайым» атты күзгі мерекеге аса жауапкершілікпен қарады. Әр топтан хан мен ханшайым тағайындалып, олар топ болып барлық сыңдардан өтті. Студенттер қатарынан осы сайысқа 7 жұп қатысты. Жұптар өздерінің таланты мен әртістік қабілеттерін көрсете алды. Сайыс, әрине, алғаш таныстырудан басталды, барлық жұп өздерін таныстырып, келесі күзгі үстелдің безендірілуін көрсетіп шықты. Күзгі үстел күз бейнесінде әсем бейнеленген, студенттердің жас ерекшелігіне қарамастан бірлесіп жасалған жұмыстары көз жауын аларлықтай тартымды болды. Ең үздік күзгі үстел 2 курс «Аспазшы» тобы асқан шеберлікпен безендірген еді. Мерекеде ең әсерлі сәт, әрине, «Күзгі сән» үлгісі, студенттер өздерінің барлық қолдан келерін жасады. Олар күз мерекесін түрлі-түсті, әсерлі қылып жіберді. Күзгі сәнде ұлдар мен қыздар әдемі костюмдер мен сәнді көйлектер үлгілерін жасады. Оның бәрі қолдан жасалған әдемі безендірілген киімдер. Қазылар алқасы жоғары бағалады. «Хан мен ханшайым» сайысында топтар өз өнерін ортаға салумен аяқтады. Талапты да, талантты жастарымыз би де, ән де шырқады. Ветеринарлар тобы жас ерекшелігіне қарамастан мерекеге қызу дайындалып, жүлделі бірінші орынды алып кетті, барлық сайыс нәтижелерінен жоғары ұпайларға иеленді. Өздерінің әртістік қабілетімен Зикен Бақытжан, Бақырбасов Мерей көзге түсті, өнерлі жастарымыз Жұмабеков Нурисламның, Турахан Әлібектің, Омарова Әсемгүлдің орындауында әндер айтылды.

«Хан мен ханшайым» мерекесі студенттер мен ұстаздарға жақсы әсер мен жақсы көңіл-күй сыйлады.

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Б.А. Гиззатова

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries