Қарияларға құрмет – ұрпаққа міндет!
- Толығырақ
- Құрылды 05.10.2026 15:39
«Қарияларға құрмет – ұрпаққа міндет» акциясы аясында «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ әкімшілігі ардагер ұстаздарды Қарттар күнімен құттықтады.
Ардагер ұстаздарға жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі және көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс айтылып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілектері шын жүректен айтылды.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз — біз үшін үлгі. Әр күндеріңіз жақындарыңыздың мейірімі мен қамқорлығына толы болсын!

