Техникалық және кәсіптік білім беру күні мен Қарттар күніне орай колледж ТжКБ жүйесінің ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлерін құттықтады.
- Толығырақ
- Құрылды 01.10.2026 15:11
Мерекеге орай өндірістік оқыту шеберлері — Есманов Сейлхан Туякович пен Тарасенко Евгений Григорьевичке ерекше алғыс білдірілді. Олардың бірі техникалық және кәсіптік білім беру саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, осы жүйенің дамуына зор үлес қосты.
Олардың көп жылғы еңбегі, кәсіби шеберлігі, өмірлік және педагогикалық тәжірибесі — жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
Құрметті ардагерлерімізге зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және қажымас қайрат тілейміз! Еңбектеріңізге, мамандыққа деген адалдықтарыңызға және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлестеріңізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
