Бүгін Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжінде студенттерді спорт, достық және салауатты бәсекелестік атмосферасында біріктірген дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өтті! ????♂️????♀️
- Толығырақ
- Құрылды 09.09.2026 15:09
Қатысушылар өздерінің ептілігін, жылдамдығын, төзімділігін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара барысында 5 қызықты эстафета ұйымдастырылып, әр команда жеңіске жету жолында соңына дейін бар күшін салды!
???? 1-орын — «Жұлдыздар» командасы ⭐
???? 2-орын — «Тұлпар» командасы ????
???? 3-орын — «Найзағай» командасы ⚡
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды. ????

