«Туған тілім тірлігімнің – айғағы»
- Толығырақ
- Құрылды 30.09.2020 17:27
Қазақстан халқының тілдері күні. 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.
Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр.
2020 жылдың 22 қыркүйек күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде тілдер мерекесіне орай «Туған тілім тірлігімнің – айғағы» атты қашықтықтан мерекелік іс – шара өтті. Бұл мерекелік іс – шараға колледжіміздің І және ІІ курс студенттері қатысты. Олар: Амантай Айшат, Жасұлан Айдана, Санкина Карина, Ткаченко Анвар, Сапарғали Халима мен Анекина Виктория. Аталған студенттеріміз қазақ, орыс, украин және қалмық тілдерінде өз өлең шумақтарын бейне жазбаға түсіріп қатысты. Ағылшын тілінде студенттеріміз эссе жазып мадақтау қағаздарымен марапатталды.