21/11/2024  Бейсенбі

Ауа райы

Әйел-ана, әйел-жарың, шырағың, мейірімімен шашады әр кез шуағын

Халықаралық әйелдер күніне орай, Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде 7 наурыз «Әйел-ана, әйел- жарың, шырағың, мейірімімен шашады әр кез шуағын» атты мерекелік концерт өткізілді.

Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялататын көктемнің тұңғыш мерекесі, құрметті аналар, апа-қарындастар - мына сіздерге арналған. Бұл да Сіздердің адамзат қауымы үшін орындарыңыз бөлек екенін паш етеді.

Әйел-Ана ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне, бір сөзбен айтқанда ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, дарытушы, дамытушы.

«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» - деген Елбасымыздың сөзі ұлттық салт-дәстүріміздің ерекшелігін айғақтайды.

Бүгін де ұстаздар қауымын мен қыз балаларды мерекелік концертпен Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің студенттері құттықтап өтті. Мерекеге 12 – топ студенттері мен куратор Аубакирова А.И., өндірістік оқыту шебері Даиров Д.Т. жауапты болды. Іс-шара жоғарғы деңгейде өткізіліп, колледж студенттері өздерінің өнерімен әйелдер қауымының көңілінен шыға білді. Мереке колледж директоры С.К.Ташкиннің шараға қатысушы әйелдер қауымын құттықтау сөзімен ашылды. Мерекеге орай ұстаздар мен студент қыздарға арналған әндер шырқалып, билер биленіп, жыр-шумақтары төгілді. Кештің шырайын келтірген 12-топ қыздарының орындауындағы қазақ биі. Гитарамен ән шырқаған Лавров Никитаның да өнерін тамашаладық. 22-топ қыздарының жаңа үлгідегі биі де, оқытушы Алишер Армановичтің орындауындағы «Анаға сәлем» әні көрермен жүрегіне жылы сезім сыйлады. Колледжімізде студенттер жас ерекшелігіне қарамастан өз өнерлерін ортаға салып, қыздарды қуантуға тырысты, өздері де осы мерекелік концерттен жақсы әсер алды. Наурыздың 7 күні, Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжіміздің сұлу да инабатты қыздары мен ұстаздары назардан тыс қалмай, ер азаматтардың жақсы лебіздеріне ие болды.

Өзімінің мақаламды Уәлиханов ауыл шаруашылық колледж ұжымының құттықтау сөзімен аяқтағым келеді. Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!.

Әрқайсыларыңыздың жеке бастарыңызға да, отбасыларыңызға да бақыт құсы ұясын салып, баянды ғұмыр сыйласын. Сіздер жүрген ортада әрқашан амандық, береке-бірлік, өзара сыйластық пен шынайы сүйіспеншілік салтанат құрсын!

Көктем айының шуақты күндері жанұяларыңызға құт-береке, нәзік сезім, шуақты көңіл-күй, тәндеріңізге саулық, жандарыңызға рахат сыйласын.

Мейрамдарыңыз құтты болсын, құрметті аналар, ұстаздар қауымы!

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries