Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз
- Толығырақ
- Құрылды 25.11.2017 23:00
Аға буынның өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек, колледждің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірді.
Колледж қызметкерлері қарттарды қолдау айлығының ширегінде мерекелік концерт өткізді. Бұл мерекелік шарада қарияларымызға арналып мерекелік дастарқан жайылып, сый-сияпаттар табысталды. Іс-шарада студенттер белсенді өнер көрсетіп, ән-билерімен асыл қарттарымызға жақсы көңіл-күй сыйлады, колледж директоры Сайран Кенжетаевич Ташкин қарттарға арнап жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік бағдарламаны тамашалаған қарттарымыз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.