Жалпы пәндер онкүндігі
- Толығырақ
- Құрылды 24.11.2015 17:00
Ауыл шарушылық колледжінде 27 қазан мен 6 қараша күндері аралығында жалпы пәндер онкүндігі өткен болатын. Колледж студенттері іс-шараларға белсене қатысты. Олардың оқу бағдарламасын жақсы меңгергендері көрінді. 27-сі күні , 11-топ студенттері арасында физика пәні мұғалімі Нұрғайша Каткенқызының өткізуімен «Ойлап, тап» физикадан сайыс және 12-топ арасында «Здравсвуй, физика и моя будущая специальность» атты ойын өткізілді. Тренинг арқылы оқытушы ойынға деген қызығушылықтарын оята алды. Ойын бірнеше тур арқылы өткенімен, студенттер жазбаша,сонымен қатар топтық жұмыстар жүргізді. Студенттердің ынтасын көтеру үшін, физика саласында өтетін лабараториялық тәжірибиенің бірін көрсеткен болатын. Студенттер логикалық сұрақтарға мүлтікпей жауап қайтарды. Оқытушы физика пәнінің мақсат, міндеттерін іс-шара барысында көрсете алды.
Лабораториялық жұмыста әр командадан бір студенттен тәжірибиеге қатысты Жолбарысов Айдар және Батталов Мынжасар. Студенттер тапсырылған жұмысты қатесіз орындай алды.
28 қазан қазақ тілі мен әдебиет оқытушылары Қарлыға Жұмаханқызы мен Бахытгүл Асқарқызы жиыннан бастады. Жиында студенттер қазақ тілінің маңыздылығы жайында атап, тіл туралы өлеңдер оқыды. Қазақ халқының салт-дәстүріне, тыйым сөздеріне тоқталды. «Өмірде не қымбат?» атты пікірталас 11,12,13-топтар арасында өткізілді. Студенттер қызу пікірталасқа түсті, өмірде не қымбат тақырыбын аша алды. Өз ойларын еркін жеткізіп, топпен жұмыс жасады.
29 қазан онкүндіктің 4-ші күні АӘД және дене шынықтыру.
Оқытушылар Асан Боранұлы және Ермек Абузарұлы «Қызықты эстафета» спорттық ойынның тамашалаған болатынбыз. Ойында І және ІІ курс студенттері қатысты. Қатысушылар өздерінің спортқа деген ынталарын көрсете алды. Эстафета бірнеше турдан құрылды. Іс-шара тиісті денгейде өткізіліп. Ойында әр түрлі спорттық жабдықтар қолданылды.
30 қазан «География күні» деп аталған еді. География пәнінің оқытушысы Гульзира Рамазанқызы «Что? Где? Когда?» сайысын 11-топ суденттері мен 21-топ студенттері арасында өткізді. Сайыс сұрақтардан құралды. Әр жауап берген топ ұпай сандарын жинады. 2 курс студенттері сайыста жеңімпаз атанып, ойынға қызығушылық танытқаны сонша әр берілген сұраққа жауапты шапшан табуға тырысты.
3 қараша ағылшын тілі күнінде 11,12-топ арасында «Do you know English?» сайыс өткізілді.
4 қараша математика пәнінің оқытушысы Алия Асқарқызы «Проще простого» математикалық ойын өткізді. Ойында 1 курс және 2 курс студенттері қатысты. Сонымен қатар колледжде математика күніне орай стенгазеталар мен ребустар шешу қабырғасы жасалған болатын.
6 қараша онкүндіктің соңғы күні тарих пәнінің оқытушысы Медет Нұрғалиұлы «Хандықтың 550» атты брен-ринг өткізді. Студенттерге 6 сұрақтан қойылып, әр берілген сұраққа командаға 1минут беріледі. Осы аралықта команда сұрақтың жауабын тапса, әділ қазы алқасына қоңырау шалады, кімнің қоңырауы бірінші түссе сол команда жауап береді. Ойының өткізу әдісінің өзі қызықты болды. Көрермендер де көп сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Онкүндік өз мәресіне жеткен болатын. Жалпы пәндер оқытушылары, берілген тапсырманы орындай алды. Әр пән мұғалімі өздерінің берілген күніне байланысты студенттермен сайыстар, пікірталастар өткізіп, стенгазеталар мен көрнекіліктер жасады. Өздерінің сайыстарында жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттерді қызықтыра алды. Өздерінің жоспарлаған мақсаттарын іске асырды. Саналы да, өнерлі жастар әр жасаған істің, жақсы көрсеткішін көрсете алатыны сөзсіз.
Уәлиханов ауыл шауашылық колледжінің
Жалпы пәндер әдістеме бірлестігінің жетекшісі
Б.А.Гиззатова