08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

«Ғылымға көңіл бөлсеңіз» атты жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі

2020 жылдың 3-14 ақпан аралығында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» атты жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі өткізілді. 3 ақпан күні онкүндіктің ашылуы салтанатты жиын түрінде өтті.

Жоспар бойынша 4 ақпан күні алғашқы іс-шараны, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары М.М.Тлеуке және К.Ж.Койшибаева «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен зияткерлік сайысын өткізді. Сайыс жеңімпаздары болып Қайролла Халима және Айдарова Әсемгүл аталды.

5 ақпан күні орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Игра-путешествие» атты сайысын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.Д.Каженова өткізді. Ойын өте қызықты әрі әсерлі болды.

6 ақпан күні «Білгенге маржан» атты химия және биология пәндері бойынша А.И.Аубакирова білім сайысын өткізді. Аталған іс-шарада студенттер аса белсенділік танытып, білімдерін көрсете білді.

7 ақпан күні жоспар бойынша «Математика мен информатика әлеміне саяхат» тақырыбында ғажайып алаңы ойынын А.И.Аубакирова және Ж.А.Адыкенов өткізді. Қатысушыларға белсенді ойын көрсеткендері үшін шағын сыйлықтар таратылды.

10 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Б.А.Гиззатова «Своя игра» ойын-сайысын өткізді. Студенттер бұл ойында пән бойынша танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шындады.

11 ақпан күні тарих пәнінің оқытушысы Л.К.Сарбасова «Солтүстік Қазақстан облысының қасиетті жерлеріне саяхат» атты тарихи-танымдық іс-шара өткізді. Студенттер өздеріне алдын ала ұсынылған тақырыптар бойынша баяндама дайындап, презентацияларын қорғады.

12 ақпан күні ағылшын тілі пәнінің оқытушысы К.С. Хабибуллова «Таңғажайып Англия елі» атты танымдық іс-шара өткізді. Студенттер Англия туралы мәліметтерін дайындап, баяндамаларын оқыды.

14 ақпан күні АӘД және дене шынықтыру пәндерінің оқытушысы Е.А.Даулетжанов әскери эстафета өткізіп, жалпы пәндер онкүндігін аяқтады.

Онкүндік аясында өткізілген іс-шараға белсенділік танытып, жеңімпаз аталған студенттер салтанатты жиында марапатталып, сыйлықтармен табысталды.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries