18/10/2024  Жұма

Ауа райы

Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінде Жалпы пәндер онкүндігі өткізілді

2019 жылдың 11 ақпан мен 22 ақпан аралығында Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінде Жалпы пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндікті алғашқы болып бастаған ағылшын тілі оқытушысы Абилина Хабибуллова Кульбагиса Сансызбаевна. Ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін , ақылы мен ептілігін тексеруге байланысты «POLIGLOT» сайысы өткізді. Бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Бірінші орынға ие болған бірінші курс студенті Айдарова Асемгүл.

12 ақпан күні қазақ тілі және қазақ әдебиеті күні өтті. Жауапты оқытушылар Касенова Қ.С. және Абилина Б.А. Студенттер белсенді қатысты, іс шара өте қызықты өтті.

13 ақпан күні Хабибуллова К.С. колледж кітапханасына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның тақырыбы «Үш тілдің үндесуі». Студентерге үш тілде жазылған кітаптар және колледжға жаңа түскен оқулықтар көрсетілді . художественной литературе.

15 ақпан күні химия және биология күні өткізілді, жауапты Аубакирова Айжан Исмагиловна. Тақырып «Марафон химбиологов», іс шара өте жоғары денгейде өткізілді.

18 ақпан күні дене шынықтыру күні болды, жауапты оқытушылар Шаткенов А.Б. және Даулетжанов Е.А. Барлық топтар қатысты, шағын футбол және қызықты старт ойындары өткізілді.

20 ақпан күні орыс тілі күні өтті, жауапты Гульнар Калижановна Маштиева. «Умники и умницы» іс шарасы қызықты өтті.

Тарих және география күні 21 ақпан жұлдызында өтті, жауапты Сарбасова Ляззат Хабибулловна. «Тарихи тұлғалар» іс шарасы өте қызықты өтті. Барлық топтар қатысты, тарихи тұлғалар ретінде 13 топ студенттері болды.

Онкүндік жабылуы 22 ақпан күні өтті. Барлық студенттер алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды..

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries