08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінде Жалпы пәндер онкүндігі өткізілді

2018 жылдың 15 қаңтары мен 24 қаңтар аралығында Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінде Жалпы пәндер онкүндігі өткізілді.

Онкүндікті алғашқы болып бастаған қазақ тілі мен әдебиет оқытушылары Абилина Бахытгүл Асқарқызы мен Қойшибаева Қарлыға Жұмаханқызы. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша білімдерін , ақылы мен ептілігін тексеруге байланысты «Білгірлер отауы» сайысы өткізді. Студенттер мен оқытушылар командасынан құрылған сайыста оқытушылар бірінші орынға ие болды, ал студенттер қалысқан жоқ. Өздерінің білімдеріне сеніп, оқытушылармен тең ойында қатыса алды.

16 қаңтар күні биология оқытушысы Аубакирова Айжан Исмагиловна мен химия пәнінің оқытушысы Зияшова Гульдана Алшеровна «Ас – адамның арқауы» Сиқырлы алаң (Поле чудес) ойының өткізді. Барлық топ студенттері осы сайыста да, аса белсенділік танытты. Студенттер арасында Поле чудес ойынында жеңімпаз атанған 2 курс студенті Құрман Әділ. Сайыс өте қызықты болып өткізілді, студенттердің биология мен химия пәндері бойынша білімдері көрінді, сонымен қатар биология мен химия пәндерінің байланысын көрсете білді.

17 қаңтар күні тарих және география күні болды. Сарбасова Лаззат Кабибулловна мен Зияшова Гульдана Алшеровна 1-2 курс студенттері арасында «Территория – есть основание государственности» атты дөңгелек үстел өткізді.

19 қаңтар күні орыс тілі оқытушысы Г.К.Маштиева мен ағылшын тілі оқытушысы Ж.К.Баймурзина орыс тілі мен ағылшын тілін байланыстырып «Полиглот» сайысын өткізді. 21 топ студенттері І орын алды. Студенттердің екі тілді де жетік меңгергені байқалды.

18 қаңтар күні математика, информатика, физика пәндерінің оқытушылары «МИФ» интелликтуалдық ойын өткізілді. Пән оқытушылары өз пәндеріне арналған күні пәндерге байланысты тапсырмалар, сөзжұмбақтар мен ребустар ұйымдастырды. Ойын барысында студенттердің математика, физика пәндерін жақсы меңгергені көрінді. Габбасова З.З., Аубакирова А.И., Адыкенов Ж.А. бірлесе жұмыс жасап, жақсы нәтижеде сайыс өткізді.

23 қаңтар күні дене шынықтыру оқытушысы Шаткенов Асан Боранович пен АӘД оқытушысы Даулетжанов Ермек Абузарович «Спорт – жан серігі» атты спорттық сайысын ұйымдастырды. Спортттық сайыс, спорт залда өткізілді. Барлық топ студенттері қатысты. Олардың барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындағаны байқалды. Әрине, жеңімпаз болып аталған 31-топ. Пән оқытушылары Қазақстанның спорт мақтаныштарын көрсетіп, студенттерге қосымша мәлімет берді.

Онкүндіктің жабылу жиынына барлық топ студенттері КВН ойынына дайындалып қатысты. Әр топ өздерінің әзілдерін ортаға салды. Қазылар алқасы құрамында болған директордың оқу тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А.Б.Шаткенов, АӘД оқытушысы Е.А.Даулетжанов, биология оқытушысы А.И. Аубакирова өздерінің әділ бағаларын берді. І орынды –12 топ студенттері, ІІ орынды- 21 топ студенттері, ІІІ орынды - 22 топ студенттері иеленді. Жалпы пәндер онкүндігі жақсы деңгейде өткізілді. Студенттердің пәнге деген қызығушылығы байқалып, барлық сайыстарда белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл студенттер үшін алғашқы сайыс емес және алғашқы жеңіс емес. Олар өз білімін тереңдетіп, көптеген ақпарат ала алды.

Қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы: Б.А.Абилина

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries