08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

«Оқу білім – бұлағы» атты жалпы пәндер онкүндігі

16 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде жалпы пәндер онкүндігі өткізілді. Алғашқы болып онкүндікті ашылу жиынынан бастады. Студенттер тіл байлығы жайлы көрініс көрсетті.

Дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық оқытушылары жоспар бойынша онкүндікті жалғастырды «Шынықсаң шымыр боларсын» атты сайыс өткізді.

17 қаңтар күні тарих пәнінің оқытушысы Сайткен М.Н. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс 1-3 курс студенттері арасында өткізілді.

18 қаңтар күні физика пәнінің оқытушысы Габбасова З.З. физика пәнінен брейн-ринг өткізді. Сайыс жақсы өткізілді, студенттер белсене қатысып, өз білімдерін сайыс барысында көрсете алды.

19 қаңтар күні информатика пәнінің оқытушысы Адыкенов Ж.А. «Своя игра» атты сайысында 21, 22, 31 топ студенттері қатысып, І орынға Жолбарысов Айдар жеңіске жетті.

20 қаңтар күні география пәнінің оқытушысы Усенова Г.Р. «Мир вокруг нас» викторинасын 1-3 курс арасында өткізді. Сонымен қатар оқытушылар апта бойынша стендті өз пәндері бойынша безендірді. Көптеген ребустар, кроссвордтар, өлеңдер мен пән бойынша мәліметтер болды.

23 қаңтар күні математика пәнінің оқытушысы Булатова Л.К. «Математика күні» сайысын өткізді. Сайыс барысында студенттер математикалық есептер шешіп, шырпының шиларын қолданып, логикалық есептерді орындады.

25 қаңтар күні Ермұрат Ж. химия және биология пәнінің оқытушысы «Ойна, ойла, оқы» сайысын 12-топ студенттері арасында өткізді.

26 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары Гиззатова Б.А., Қойшибаева Қ.Ж. Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына байланысты «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» атты әдеби кеш өткізді. Кеш барысында студенттер Қасым Аманжоловтың өмірбаяны мен өлеңдерін жатқа оқып, көрермендердің көңілінен шыға алды. Студенттер кеш барысында белсене қатысып, ақын жайлы көп мәлімен ала алды.

Студенттер іс-шараларда белсенді қатысты, жалпы пәндер онкүндігі марапаттаумен аяқталды.

 

Қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы

Гиззатова Бахытгүл Асқарқызы

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries