08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

Ұлттарды біріктірген –ұлы тіл

Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер мерекесіне орай онкүндікке арналған  жоспар құрылды.  Апталық  қыркүйектің 16-22 дейін өткізілді. Апталыққа орай төмендегідей іс-шаралар өз уақытында өтікізілді. «Ұлттарды біріктірген –ұлы тіл» атты тақырыпта ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Гиззатова Б.А. және Қойшибаева Қ.Ж. өткізді.

Келесі кезекте,  «Тіл - әр халықтың байлығы» атты сайыс өткізілді, сайысқа 11-22-топ студенттері қатысты. Сайысты кітапханашы Оспанова Ж.А. өткізді. Сонымен қатар «Тіл – әр халықтың байлығы»атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Қызықты қазақ тілі» интеллектуалдық сайыс болды, зияткерлік сайыс 11,12,21,22 топтар арасында өткізілді.11-22 топ студенттері арасында ағылшын тілі оқытушылары Ж.К.Баймурзина және Г.К.Зейнулла   «Polyglot» атты викторина өткізген еді.

20 қыркүйек күні  орыс тілі және әдебиет оқытушысы мен тәжірибие алушы маман Абилькасова Д.А. «Изучаем русский язык» атты тақырыпта викторина, 11-22 топтар арасында өткізді.                     

Апталықтың соңғы күні   «Тіл – достық көпірі» атты  әдеби –музыкалық кеш, мұнда студенттер тіл туралы өлеңдер және әндер орындады. Кештікті қазақ тілі мен әдебиет оқытушылары Гиззатова Б.А. және Қойшибаева Қ.Ж. өткізді. Тілдер мерекесіне арналған кеште студенттер өздерін жақсы қырларынан көрсете алды, олар толық дайындалып келді. Кештің мақсаты өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстірін көрсетіп және баяндап беру. Студенттер осы мерекеде өзге халықтардың ұлттық киімін, тағамдарын әкеліп, көрсетті. Мерекелік апталық өте қызықты өткізілді, студенттер бар өнерін ортаға салып, өздерінің тілдерді жетік білетіні және құрметтейтіні көрініп-ақ тұрды. Студенттер арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің  қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Тілдер апталығының қорытындысы шығарылып, оқушылар  сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Гиззатова Б.А.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries