21/11/2024  Бейсенбі

Ауа райы

Қол гранаттары

3.06.2016 ж. 11 топта ашық сабақ өтті

Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды РГД – 5 РГН,РГО,Ф-1 қол гранаттарымен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны:  AӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.
автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен  жүргізіледі?
автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?
бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.
автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды қандай жолдармен жоюға болады?
     б) Негізгі бөлім – 25 минут.   
 Қол гранаттары. РГД-5 қол гранаты.
 Жарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
Қазақстан армиясының қарулануында:
РГД-5 қол гранаты;
РГН және РГО-қол гранаты;
Ф-1 қол гранаты бар.
Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО - қорғаныстағы гранаттарға жатады.
Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.
РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол  шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.
Гранаттың құрылысы.
РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.
Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.
Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.
Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.
Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.
Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.
Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.
Ағытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.
Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.
Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.
Баяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.
Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері
 мен механизмдерінің жұмысы.
Гранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.
Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.
Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2 с.
Гранаттың құрылысы.
Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы   РГД-5 гранаты сияқты.
Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.
Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.
Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.
 Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі  қауіпсіздік шаралары.
     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
          Сұрақтар мен тапсырмалар:
жарықшақты қол гранаттары неге арналған?
ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?
РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries