21/11/2024  Бейсенбі

Ауа райы

Алғы егіс және оларға сипаттама

31.05.2016 ж. 21 топта ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Алғы егіс және оларға сипаттама»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
- студенттерге  алғы егіс туралы түсінік бере отырып, дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына байланысты бөлінген оның түрлеріне сипаттама беру арқылы ұғындыру.

Дамытушылық:
-тақырыпқа қатысты көптеген ақпараттық және танымдық мәліметтердің, сонымен қатар басқа пәндерден алған білімдеріне сүйене отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
-оқушыларды адамгершілікке, өзара сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: биология
Көрнекті құралдар: проектор, тірек-сызбалар, сөзжұмбақ,

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын, оқу құралдарын түгелдеу.
II. «Ми шабуылы» - өткен тақырыпқа шолу
1. Ауыспалы егіс деп қандай егісті айтамыз?
2. Үзіліссіз себілетін дақыл?
3. монокультура дегеніміз не?
4. айналым кестесі?
5. құрама танап деп?
6. шықпа танап  дегеніміз не?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Алғы егіс деп өткен жылы танапта өсірілген ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына алғы егістер күшті әсер етеді.
Таза сүрі жер дегеніміз – арамшөптерді құрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттар қорын молайту үшін ешқандай дақыл себілмей қалдырылған және жаз бойы өңделетін бос танап.
Ықтырмалы сүрі жер деп қар тоқтату және топырақты эрозиядан қорғау үшін ықтырма ретінде биік өсетін өсімдіктер (қыша, жүгері, күнбағыс) себілген таза парды айтады.
Таза сүрі жерге сипаттама
Таза сүрі жер Ерекшелігі Қолданылу аймағы Егілетін дақылдар түрі
Қара таза сүрі жер
Қалдырған танапты жаз-күз айларынан өңдей бастайды Оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда Күздік бидай және басқа дәнді масақты дақылдар
Ерте сүрі жер Қалдырған танапты ерте, көктемнен бастап өңдей бастайды Солтүстік облыстарда Жаздық бидай
Екпелі сүрі жер дегеніміз – танапты ерте босататын дақылдар егілген сүрі жер. Екпелі сүрі жерег жаздың бірінші жартысында пісіп, ерте жиналатын дақылдар себіледі. Танап себілген дақылдардан босағаннан күзгі дақылдарды сепкенше таза сүрі жер сияқты өңделеді.
Жасыл сүрі жер дегеніміз – топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатымен құмдақ, құмдауыт жерлерде үлкен масса беретін бұршақ тұқымдас және басқа дақылдар себілетін танап. Олардың ішінен маш, шабдар, бөрібұршақ сияқты дақылдарды атауға болады.
Дақыл түрлеріне сипаттама
Дақылдар Топқа жататындар Алғы егіс болудағы маңызы
Отамалы дақылдар Қант қызылшасы, мақта, көкөніс, бақша, картоп, күнбағыс, темекі және т.б. Топырақта жүретін микробиологиялық процестердің жақсы жүруіне үлкен ықпал етеді, тыңайтқыштар көп беріледі және олар вегетация бойынша бірнеше рет суарылады.
Бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдар Ас бұршақ, май бұршақ, нұт және т.б. Тамырларындағы түйнек бактерияларының көмегімен ауадағы бос азотты топыраққа жинайды, үлкен масса құрап, арамшөптерді тұншықтырып өсірмей тастайды.
Көп жылдық шөптер Жоңышқа, беде, эспарцет, еркекшөп Топырақтың физикалық қасиеттерін (құрылымы, құрылысы және т.б) жақсартады,бірнеше рет шабылатындықтан олар өзінен кейін танапты арамшөптерден таза қалдырады.
Техникалық дақылдар Мақта, қант қызылшасы, темекі Топырақтың құрылымын жақсартады, сонымен бірге ылғалды мол пайдаланатындықтан жерді екінші рет тұзданудан сақтайды.
Дәнді масақты дақылдар Күздік бидай, жаздық бидай, арпа, тары Тез қаулап өсуіне байланысты арамшөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады.

IV. Бекіту сұрақтары арқылы алған білімдерін нақтылау.
1. Алғы егіс дегеніміз қандай егіс?
2. Алғы егіс өнімінің мөлшері мен сапасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
3. Таза және ықтырмалы парлар және ықтырмалы сүрі жер дегеніміз қандай жерлер?
4. Таза сүрі жер түрлері және оларға қандай дақылдар егіледі?
5. Екпелі және жасыл сүрі жер және олардың түрлері.
6. Дақылдар түрлерін атаңыз, олардың топтарына қандай дақылдар жатады? Олардың алғы егіс болудағы маңызы қандай?


V. Сөзжұмбақ шешу арқылы білімдік дағдыларын қорытындылау, бекіту.
1. Тамырының терең бойлап өсуіне байланысты топырақтың 1,0-1,5 м тереңдіккте жатқан ылғалды пайдаланатын отамалы дақыл. (мақта)
2. Өткен жылы танапта өсірілген ауыл шаруашылық дақылы қандай егіс деп аталады? (алғы)
3. Дәнді масақты дақылдар қандай алғы егістер болып табылады?(қанағаттанарлық)
4. Күріштің ең жақсы алғы дақылы (жоңышқа)
5. Танапты ерте босататын дақылдар егілген сүрі жер (екпелі)
6. Қар тоқтату және топырақты эрозиядан қорғау үшін ықтырма ретінде биік өсетін өсімдіктің бір түрі (жүгері)
7. Құмдақ, құмдауыт жерлерде үлкен масса беретін бұршақ тұқымдас дақыл (бөрібұршақ)
8. Көп жылдық шөпке жататын бұршақ тұқымдас (эспарцет)



Анограмма шешу
1. МРЫЛҚАЫТЫ ІРҮС РЖЕ - ықтырмалы сүрі жер
2. ПЕІКЕЛІРҮС РЖЕ – екпелі сүрі жер
3. МАОЛЫТА ЛДЫРАҚАД – отамалы дақылдар
4. ПКӨ ДҚЫЖЛЫ ТӨШРПЕ - көп жылдық шөптер
VI. Үйге тапсырма: Алғы егіс және оларға сипаттама
VII. Қорытынды. Оқушылар білімін бағалау

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries