08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

Шойын мен болат

Мерзімі: 30.05.2016ж

Топ: 11

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақтың тақырыбы: Шойын мен болат

Сабақтың мақсаты:

Білім беру: Сабақта шойын мен болат туралы ауқымды мәлімет беріп, тақырыпты толық ашу.

Дамыту: Есте сақтау қабілетін арттыру , логикалық ойлауды, сыншыл ойды қолдана білу

Тәрбиелеу: Өзінің таңдаған мамандығын сүюге тәрбиелеу

Жабдықтар: Ю. Клюжев, С Әубәкірова«Материалтану» оқулығы, мультимелиалық тақта, тапсырмалар, бор, тақта.

 

Сабақтың барысы және мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

2.Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

3. Студенттердің көнілін аударту.

II. Өткен тақырыптар бойынша негізгі сұрақтарды қайталау.

Сұрақ-жауап және проблемалық-ситуациялық сұрақтар туындата отырып, студенттерді жауапқа тарту.

1. Материалтану дегеніміз не?

2. Мультимедиалық тақтада көрсетілген металл суреттерін дұрыстығын тауып, сол туралы қысқаша мағлұмат алу.

> 2.1. Темір

> 2.2. Алюминий

> 2.3. Мырыш

> 2.4. Мыс

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Жалпы қара металдарға түсінік

2. Шойын және оның түрлері

3. Болат және оның жіктелуі

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

V. Үй тапсырмасы:

Шойын мен болаттың қолдану аймағы және олардан жасалатын құралдардың пайдасы туралы конспект түрінде мәлімет жазып келу.

 

Үй жұмысы

 

Материалтану — қатты және сұйық күйдегі материалдардың қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы.

Зерттелінетін қасиеттерге заттың құрылымы, электронды, жылулық, химиялық, магниттік, оптикалық қасиеттері жатады.

 

Темір — Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең таралған металл . Металдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі — жердің өзінен пайда болған жерлік (теллурлық ) темір, екіншісі — аспаннаң метеорит түрінде жерге түскен космостық темір.

Iron electrolytic and 1cm3 cube.jpg

Мыс , Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 г/см 3 , балқу t 1084,5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/a/a4/%D0%9C%D1%8B%D1%81_%D1%80%D1%83%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%8B%D1%8B%D1%8B.jpg/200px-%D0%9C%D1%8B%D1%81_%D1%80%D1%83%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%8B%D1%8B%D1%8B.jpg

Мырыш . Мырыш гексагональды тығыз қапталған торы бар күміс түсті ақ металл, тығыздығы7,133 г/см 3 , балқу t 419,5°С, қайнау t 906°С. Ол полиметалды сульфид кендерінің құрамында кездеседі.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f9/Zinc_fragment_sublimed_and_1cm3_cube.jpg/250px-Zinc_fragment_sublimed_and_1cm3_cube.jpg

Алюминий Алюминий – күміс түсті ақ металл , жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660С, қайнау температурасы 2500С; коррозияға берік. Жер қыртысында таралуы бойынша металдар арасында 1-ші орында.

A.

Қара металдарға темір мен оның қорытпалары жатады. Қара металдар өндіріске аса қажетті шойын мен болаттардан тұратындықтан, оларды өндіру, өндеу, қолдану кең көлемде қолға алынған. Домна пештерінде темір кендерінен бастапқы шойын алынады. Қара металдар ауыл шаруашылығында, көлік және коммуникацияда, құрылыс, қару-жарақ және машина жасау саласындағы бұйымдарды дайындауда кеңінен қолданыс тапты. Барлық металл өнімдерінің 90 пайызға жуығы қара металдар үлесіне тиеді. Еліміз қара металл кең орындарына өте бай. Сондықтанөнеркәсіптіңбірсаласы - қара металлургия қалыптасқан.

Шойын

1. жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;

2. темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі;

Түрлері:

· Ақшойын (Белый чугун)

1. Өте қатты және морттылығы жоғары, бетініңтүсікүңгірт-ақшылболатыншойын;

2. құрамындакөміртектемірменхимиялыққосылыс (цементит) түріндеболатыншойын. Ақшойындысоқаныңтістерін, илембіліктерін, диірменніңшарларынқұюғажәнесоғылмалышойыналуүшінпайдаланады.

· Домна шойыны (Чугун доменный)

1. домна пешіндебалқытылыпалынғаншойын;

2. темір және марганецті кеңдерден домна пештеріндебалқытыпалынатынсұйықшойын.

· Соғылмалы (шындалған) шойын (Чугун ковкий) құрамынажапалақтүрлес графит кіретінжәнеақшойындыбосаңдатунәтижесіндеалынатыншойын.(босаңдату - металдардың қүрылымы мен өңімділігін жақсарту, ішкі кернеулерін төмендету мақсатында жасалатын термиялық өндеу)

· Сұйық шойын (Чугун жидкий) — домна пешінде немесе шойынпеште қорытылған шойын. Сұйық шойын қатайған сон тасымалданып тұтынушыға жеткізіледі. Күпшектер (ступица), картерлер , фитингтер жасағанда соғылмалы шойын орнына қолданылады.

· Сұршойын (Чугун серый)

1. Бұл құйма шойын. Сұр шойын арзан құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жақсы құйылу қасиеттері бар, кесумен жақсы өңделеді, тозуға төзімді.

2. Сұршойынқұрамында 2,4— 3,8% көміртек пен 1,2—3,5% кремний болады.

· Шар тәріздіграфиттіберіктігіжоғарышойын (Чугун с шаровидным графитом (высоко-прочный))

1. Беріктігі жоғарышойын. Негізінен, шойынқұрылымын магний, кальций, және т.б. элементтерқосыптүрлендіруарқылыалынады. Иіндібіліктер, бұлғақтар, тісті доңғалақтар, жалғастырғыштар және басқа да жауаптылығыжоғарытетіктержасаудақолданылады.

 

Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы; машина жасау өндірісінде, сондай-ақ түрлі құралдарды жасау үшін кең қолданылатын негізгі материал. Ол салыстырмалы түрде қымбат емес және көптеп өндіріледі. Болатты химиялық құрамы, белгіленуі, сапасы, қышқылдану дәрежесі бойынша жіктейді.

Химиялық құрамы бойынша болаттарды көміртекті және қоспалы деп бөледі.

Құрамындағы көміртекке байлнысты қасиеті бар болатты көміртекті деп атайды. Көміртекті болаттар құрамындағы көміртегі бойынша төмен көміртекті (0,25%- ға дейін), орта көміртекті (0,25-0,6%) және жоғары көміртекті (0,6%-дан аса) болып бөлінеді.

Қоспалы деп талап етілген қасиеттерді беру үшін құрамына арнайы элементтер енізілген болатты айтамыз. Енгізілген қоспалаушы элементтердің саны бойынша оны 3 топқа бөледі: төмен қоспалы (2,5%-ға дейін), орташа қоспалы (2,5-10% дейін) және жоғары қоспалы (10%-дан аса). Енгізілген элементтерге байланысты болаттарды хромды, марганецті, хромникельді деп бөледі.

Белгіленуі бойынша болаттарды құрылымдық, құралдық және арнайы қасиеттері бар белгіленудегі болаттар деп бөледі.

Құрылымдық болаттар машина бөлшектерін, аспаптарды және құрылыс элементтерін жасауда кең қолданыс тапқан.

Құралдық болаттарды кесу және өлшеуіш аспаптарын, суық және ыстық деформациялау штамптарын жасау үшін қолданады.

Арнайы белгіленудегі болаттар бұл тот баспайтын (коррозияға төзімділер), ыстыққа төзімді, тозуға төзімді және т.б. болаттар.

Сапасы бойынша болаттарды – қарапайым сапалы, сапалы, жоғары сапалы, аса спалы деп жіктейді.

Сапа деп металлургиялық процесте анықталатын болат қасиеттерінің жиынтығын түсіндіреді.

Қарапайым сапалы болаттар күкірттің 0,06%-ын және фосфордың 0,07%-ын құрайды, сапалы болаттар күкірттің 0,035%-ға дейін және фосфордың 0,035%-ын қолданысын, жоғары сапалы – 0,025% күкірт және 0,025%

фосфор, ал аса жоғары сапалылар 0,015% күкірт және 0,025% фосфорды құрайды.

Қышқылдану дәрежесі бойынша болаттарды жайлы, жартылай жайлы және қайнаушы деп жіктейді.

Сұйық болаттан оттегіні жою процесін қышқылдану деп атайды.

Жайлы болаттар- марганецпен, алюминиймен және кремниймен пеште жақсы қышқылданады.

Қайнаушы болаттар – тек марганецпен қышқылданады.

Жартылай жайлы болаттар – олар қышқылдану дәрежесі бойынша, жайлы жне қайнаушы болаттар арасындағы аралық орынды алады.

 

Жаңа тақырыпты бекіту:

1. Шойын дегеніміз не?

2. Шойынның түрлері

3. Болат дегеніміз не?

4. Болаттың жіктелуі

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries