08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

«Ғылымға көңіл бөлсеңіз» атты арнайы пәндер апталығы

2020 жылдың 17-25 ақпан аралығында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» аттыарнайы пәндерінің онкүндігі өткізілді. 17 ақпан күні онкүндіктің ашылуы салтанатты жиын түрінде өтті.

18 ақпан күні жоспар бойынша Б.С. Тастубаев ветеринарияның арнайы пәндері бойынша «Сіз өз мамандығыңызды білесіз бе?» атты іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты –студенттердің оқу процесінде алған білімдерін бекіту, таңдаған мамандығына қызығушылықты ояту және кәсіби шеберлікті дамыту

19 ақпан күні А.М. Ибатулла және Д.Т. Даиров арнайы пәндер бойынша «Не? Қайда? Қашан?» ойынын өткізді. Мақсаты: студенттердің қаржылық есеп туралы түсініктерін кеңейту; қызығушылығын дамыту; жаңа ақпараттармен жұмыс жасау дағдыларын, фактілерді талдау, салыстыру және жалпылау дағдыларын қалыптастыру; танымдық іс-әрекеттің дамуына ықпал ету. Ойын нәтижелері бойынша білімпаздар жеңімпаз атанды. Ойынның соңында үздік ойыншылар мен қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

20 ақпан күні Б.А. Каркошев «Своя игра» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ойынға студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша білімдерін көрсетті. Ойынның мақсаты - ауылшаруашылық техникаларына қызығушылықты ояту, тез ойлау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту.

21 ақпан күні Ж.К. Ожанова «Агрономия әлемі» ойынын өткізді. Екі команда қатысты. Ойын 5 сайыстан тұрды. Студенттер тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін тәжірибеде қолдана алды.

24 ақпан күні арнайы пәндер оқытушылары Ж.С. Мажитов және А.А.Сериков жол жүру ережелері, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын өткізді.

25 ақпанда арнайы пәндер онкүндігін Б.М. Елеусызова аяқталды. «Бал - адам денсаулығын қорғайтын өнім сапасының кепілі» тақырыбында іс-шарасын өткізді.

Арнайы пәндер апталығы аясында өткізілген жарыстардың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды және шағын сыйлықтарға ие болды.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries