16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

2015 жылдың 19 қыркүйек күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Колледж тарландары» жайдармн командасы пайда болды

2015 жылдың 19 қыркүйек күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Колледж тарландары» жайдармн командасы пайда болды.Сол жылдың 28 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан жайдарман одағының  директоры Ерлік Мухамеджановтың қатысуымен  аудандық командалар арасында жайдарман фестивалі өтті. Сол ойында біздің команда бас жүлдеге ие болып, Петропавл қаласында  өтетін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогі ушін жайдарман фестиваліне  жолдама алды. Сол ойыннан кейін колледж командасы ауданымыздың намысын облыстық жайдарман ойындарында қорғайтын болғандықтан, команданың атын «Қзылту құрамасы» деп өзгертті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогі үшін қазан айында облысымыздың 22 команда қатысуымен финалдық кезеңге өтуге арналған іріктеу фестивалі өтті. «Қзылту құрамасы» 9 мықты командалар қатарында болып, финлдық ойынға жолдама алды.

Сол жылдың қараша айында СҚО әкімінің кубогі үшін ойын Погодин атындағы драмма театрында өтті. Сол ойынға іріктеу сыннан өткен 9 команда және республикалық жоғарғы лигада ойнап жүрген, Палодар қаласының «Павлодар жастар құрамасы» және Астана қаласының «Күлтегін»  командалары қатысты. Кештің қонағы Қазақстан жайдарман одағының президенті Есен Елеукен болды.  Сол ойында біздің команда тәжірибесі жоғары Павлодар мен Астана командаларынан кейін жүлделі 2 орынға ие болды.

Сол ойыннан кейін, СҚО жайдарман одағының  директоры  Ерлік Мухамеджанов «Қзылту құрамасы» Астана қаласында өтетін республикалық  «Маусымашар-2016» жайдарман  фестиваліне қатысу керектігін шешті. Сонымен «Қзылту құрамасы» 2016 жылдың  қаңтар айының 25-31 аралығында өткен «Маусымашар-2016» фесиваліне қатысты.

Сол ойында біздің команда өз өнерлерін көрсетіп, орталық лигада ойнауға мумкіндік алды.

Жетістіктері:

1.     Уәлиханов ауданының 2015 жылғы жайдарман фестивалінің чемпиондары

2.     Уәлиханов ауданының 2016 жылғы жайдарман фестивалінің вице-чемпиондары

3.     Уәлиханов ауданының  2016 жылғы орысша КВН фестивалінің чемпиондары

4.     Ақжар ауданы әкімінің кубогі ушін өткен жайдарман фестивалінің вице-чемпиондары

5.     Солтүстік Қазақстан облысы әкімің кубогі үшін өткен жайдарман фестивалінің вице-чемпиондары

6.     Солтүстік Қазақстан облысының ашық лигасының жартылай финалистері

7.     Республикалық «Маусымашар-2016» жайдарман фестивалінің қатысушылары

8.     Орталық  лигада сайыстарына қатысуға мүмкіндік беретін республикалық сертификат иегерлері.

9.     Аудан мәртебесін арттыруға қосқан үлестері үшін Уәлиханов ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries