«Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм: белгілері, түрлері және салдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәрісті Жастар ресурстық орталығының маманы Ахметжанова А.М. жүргізді.
Іс-шараға колледж директорының міндетін атқарушы Исина С.С. қатысты.
Дәріс барысында студенттерге экстремизмнің негізгі белгілері мен түрлері, оның қоғамға тигізетін кері әсері және радикалды идеялардың таралуына жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, толеранттылықты қалыптастыру және түрлі ұлттар мен мәдениеттерге құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға, экстремизмнің алдын алуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.