«Мен қиындықтарды еңсеріп, күшімді қалпына келтіре аламын»
- Толығырақ
- Құрылды 19.10.2026 10:38
«Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу онкүндігі аясында студенттердің өмірлік қиындықтарға төзімділігін, эмоцияларын реттеу дағдыларын дамытуға және ішкі ресурстарын анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
13 қазанда «Тоқта–үзіліс жаса–таңдау жаса» практикалық тренингі өтті. Студенттер «Көңіл күй бағдаршамы» және тыныс алу жаттығуларын орындап, өз эмоцияларын байқауды, кідіріс жасауды және келесі әрекетін саналы түрде таңдауды үйренді.
14 қазанда «Менің мықты жақтарым және қиындықтарды еңсеру тәжірибем» атты тренинг өткізілді. Сабақ студенттердің өз мықты жақтарын танып, қиындықтарды жеңуге көмектесетін жеке тәжірибесін ұғынуына бағытталды.
16 қазанда онкүндік «Өмірге төзімділік фестивалі. Мен қиындықтарды еңсеріп, күшімді қалпына келтіре аламын» атты қорытынды іс-шарамен аяқталды. Студенттер өткен күндерді қорытындылап, «Қолдау рюкзагын» толтыру арқылы өз ресурстары мен қолдау көздерін белгіледі.
Әр күн өзіңді жақсырақ түсінуге, күш-қуатыңды қалпына келтіру жолдарын табуға және көмек сұраудың қалыпты екенін ұғынуға арналды.
