16/10/2026  Жұма

Ауа райы

Психологиялық-педагогикалық қолдау онкүндігі

 

 

Бүгін «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де  «Мен қиындықтарды жеңіп, қайта қалпыма келе аламын» атты психологиялық-педагогикалық қолдау онкүндігінің ашылуы өтті.

Қатысушылар тақырыптық станциялардан өтіп, түрлі жаттығулар орындады, өз ойларымен бөлісіп, қолдау көздерін анықтады.

«Төзімділік ағашы» — бірлесе отырып, ішкі күш пен тірек символы саналатын ағашты жасады.

«Менің ресурсым» — күш-қуат беретін және қиындықтардан кейін қалпына келуге көмектесетін нәрселерді анықтады.

«Қиындықтарды жеңуге маған не көмектеседі?» — күрделі жағдайларды еңсеру жолдары және кімнен қолдау сұрауға болатыны туралы ой бөлісті.

«Мен өзімді танимын: эмоцияларым — менің белгілерім» — өз эмоцияларын тануға және олардың нені білдіретінін түсінуге үйренді.

Жаттығуларды орындау барысында студенттер өздерін жақсырақ түсінуге, бойындағы күшті жақтарын байқауға және бір-біріне қолдау көрсетуге үйренді.

Әрқайсымыз өмірде түрлі қиындықтарға тап болуымыз мүмкін. Ең бастысы — біз қиындықтарды жеңе аламыз, қайта қалпымызға келе аламыз және қажет кезде көмек сұраудан қорықпауымыз керек!

м