16/10/2026  Жұма

Ауа райы

«Менің ішкі қуат көзім»

 

 

Бүгін Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде педагог-психолог Мұқат А.М. «Менің ішкі қуат көзім» тақырыбында практикум өткізді.

Студенттер «Маған не қуат береді?» және «Менің күш-қуатымды не азайтады?» жаттығуларын орындап, күш жинауға көмектесетін және шаршау мен эмоционалдық күйзеліске әкелетін жағдайларды талқылады.

 Қатысушылар күш-қуатын қалпына келтірудің жеке картасын құрастырып, демалу тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ оқу жүктемесі мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

 Практикум студенттерге өз көңіл күйіне назар аударып, қуат беретін жеке ресурстарын анықтауға көмектесті. Өйткені өзіне қамқорлық жасау және уақытылы демалу — өмірлік қиындықтарға төтеп бере білудің маңызды негізі!