«Сен жалғыз емессің: қиындықтарды жеңу және көмекке жүгіну» атты тренинг элементтері бар әңгімелесу
- Толығырақ
- Құрылды 08.10.2026 16:14
«Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де педагог-психолог Мұқат А.М. «Сен жалғыз емессің: қиындықтарды жеңу және көмекке жүгіну» тақырыбында тренинг элементтері бар әңгімелесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің эмоционалдық әл-ауқатын қолдау, қиындықтарды еңсеру дағдыларын дамыту және көмекке жүгінуге деген сенімін қалыптастыру.
Кездесу барысында өзара қолдау көрсетудің, өз сезімдеріне мұқият қараудың және жақындарына, педагогтер мен психологқа дер кезінде жүгінудің маңыздылығы талқыланды. Тренинг жаттығулары өзара сенімді нығайтуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталды.
Әр адам қиындыққа тап болуы мүмкін, бірақ оны жалғыз еңсеру міндетті емес. Жаныңда сені тыңдауға және қолдауға дайын жандар бар!

