Дублер күні
- Толығырақ
- Құрылды 02.10.2026 16:22
Бүгін Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде Өзін-өзі басқару күні өтті!
Ұстаздар күні қарсаңында студенттеріміз оқытушы рөлін атқарып, ұстаздық мамандықтың жауапкершілігін сезінді.
Бұл күн жастарға бастамашылдық танытып, өз бетінше шешім қабылдауға және ұстаздардың күнделікті еңбегін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Студенттерге белсенділіктері үшін, ал ұстаздарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргендері үшін алғыс айтамыз!
