06/10/2026  Сейсенбі

Ауа райы

Қауіпсіздік дайындықтан басталады!

 

«Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де студенттер мен қызметкерлердің қатысуымен оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.

Жаттығу сценарийі бойынша электр қалқанынан шартты түрде түтін шығуы анықталды. Дабыл беріліп, хабарландыру жасалғаннан кейін қатысушылар ғимараттан шығып, белгіленген орынға жиналды. Сапқа тұру барысында жаттығу қорытындыланып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Мұндай жаттығулар эвакуация тәртібін пысықтауға, сабыр сақтап, бірлесе әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Қалай әрекет ету керектігін білу — өзіңе және өзгелерге көмектесуге дайын болу!

 Бейнедегі түтін арнайы визуалды әсер арқылы жасалған.