«Құтқарушы» облыстық квест-ойыны
- Толығырақ
- Құрылды 23.09.2026 16:46
Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері Даулетжанов Ермек Абузаровичтің жетекшілігімен «Құтқарушы» облыстық квест-ойынына қатысты.
Іс-шара төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, алғашқы көмек көрсету және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Квест аясында азаматтық қорғаныс, өрт, жол және судағы қауіпсіздік мәселелері қамтылды.
Осындай іс-шаралар студенттердің білімін тәжірибеде қолдануына, топпен жұмыс істеуіне және жауапкершілігін арттыруына мүмкіндік береді.
Студенттерімізге және жетекшісіне алғыс айтып, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!




