18/09/2026  Жұма

Ауа райы

2026 жылғы 16 қыркүйекте КММ «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжінде» колледж студент қыздарымен профилактикалық кездесу өткізілді

Кездесу барысында аудандық аурухана мамандары — гинеколог дәрігер Апсеметова Ардак Кыбырайкызы және Салауатты өмір салты кабинетінің мейірбикесі Сакенова Махаббат Хайргельдыевна студенттермен «Ерте жүктілік және оның салдары» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Әңгіме барысында студент қыздарға репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және ерте ана болудың ықтимал салдары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың медициналық сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығына жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.