Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
- Толығырақ
- Құрылды 11.09.2026 17:43
2026 жылғы 11 қыркүйекте колледжде студенттердің прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерімен дәріс-сұхбат форматындағы кездесуі өтті.
Кездесуге прокурор Мұхтар Зайниденұлы Бекбулатов және Уәлиханов ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Аманжол Зиннатұлы Төлебаев.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
* буллинг;
* дропперлік;
* алаяқтық;
* сабаққа дәлелді себепсіз қатыспау;
* тиісті рұқсатсыз мотоцикл жүргізу;
* кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі.
Студенттерге құқыққа қайшы әрекеттердің ықтимал салдары түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарау және жеке қауіпсіздікке мән беру қажеттігі айтылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
???? Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.




