18/09/2026  Жұма

Ауа райы

Ата-аналар жиналысы

Колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаныл Қазбекқызы мен педагог-психолог Айгерім Мұхамедқызының ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті.

Кездесу барысында ата-аналар 1 курс топтарының кураторларымен және өндірістік оқыту шеберлерімен таныстырылды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуі, сабаққа қатысуы, тәртібі және ата-аналар мен колледж педагогтері арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.

Педагог-психолог ата-аналарға білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мақсаты мен негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Ата-аналар сүйемелдеу жұмыстарының жүргізілу тәртібімен танысып, балаларына колледжде оқу кезеңінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге келісімдерін берді.

Студенттердің колледж өміріне сәтті бейімделуі мен сапалы білім алуында ата-аналар, кураторлар, өндірістік оқыту шеберлері және педагогтердің бірлескен жұмысының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

 

???? Жиналыс ашық әрі жылы атмосферада өтті. Ата-аналар қажетті ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледж педагогтерімен жақынырақ танысты.