18/09/2026  Жұма

Ауа райы

Қазақстан халқы тілдері күні

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай 1-курс білім алушылары арасында «Тіл – достықтың көпірі» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Білім алушылар тілдерге, тарихқа және Қазақстан халықтарының мәдениетіне арналған танымдық байқаулар мен тапсырмаларға белсене қатысты. Студенттер өздерінің білімділігін, тапқырлығын және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа білім мен жағымды әсер сыйлады.

Жауаптылар: қазақ, орыс және ағылшын тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары.