Колледжде жаңа оқу жылы басталды
- Толығырақ
- Құрылды 01.09.2026 12:27
1 қыркүйек 2026 жылы колледжде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
.jpeg)
Жаңа оқу жылы колледж ұжымы үшін ерекше қуанышпен басталды. Білім ордасы жаңа оқу жылына қадам басқан бірінші курс студенттері мен жаңа оқытушыларды жылы қарсы алды.
Салтанатты жиынға колледждің әлеуметтік серіктесі — «Қызылту ұн комбинаты» ЖШС өкілдері және колледжді 22 жыл бойы басқарған бұрынғы директор Ташкин С.К. қатысты.
.jpeg)
Іс-шара барысында колледж директоры Каркошев Б.А. қонақтарға колледж өміріне қосқан үлесі мен ынтымақтастықтары үшін Алғыс хаттар табыстады.
.jpeg)
Салтанатты жиыннан кейін студенттер үшін бірыңғай кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық сағат «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды.

Жаңа оқу жылы — жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Барша студенттерге сәттілік, биік белестер мен толағай жетістіктер, ал колледж ұжымына жемісті еңбек тілейміз!

