2025 жылдың 3–7 қараша аралығында «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де жалпы білім беретін пәндер апталығының ашылу салтанаты өткізілді
- Толығырақ
- Құрылды 26.11.2025 10:55
Апталықтың мақсаты – студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін көрсету.
Аптаның әр күнінде пән оқытушылары түрлі сыныптан тыс іс-шаралар мен ойын түріндегі танымдық сабақтар өткізді. Әр шарада жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталды.
Апталық аясында төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды:
3 қараша – «Цифрлық әлемдегі шығармашылық: графикалық жобалау және информатика үндестігі» атты танымдық ойын, өткізгендер: Мұстафа Б.А., Каркошев Б.А.
4 қараша – «Батырлар ізімен» атты әскери-спорттық эстафета, өткізгендер: Даулетжанов Е.А., Садвакасов Б.Ш.
5 қараша – «Кім миллионер болғысы келеді?» атты интеллектуалдық ойын, өткізгендер: Жаркин С.А., Жаркина А.Н.
6 қараша – «Екі тіл – екі қазына» атты сайыс сабақ, өткізгендер: Расулова Р.К., Хабибуллова К.С.
7 қараша – «Тарих әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойын, өткізген: Боранбай Т.Д.
Жалпы пәндер апталығының жабылу салтанаты 7 қараша күні өтті. Іс-шара барысында белсенді қатысқан студенттер мен топтар алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар өзара шығармашылық байланыс орнатып, апталық өз мақсатына жетті.








