"Қазақстандағы этносаралық қатынастардың мәселелері: сепаратизм", "Қазақ тілі – этносаралық қатынас тілі"
- Толығырақ
- Құрылды 26.11.2025 17:05
2025 жылғы 12 қарашада "Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі" КММ ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.З. Шокенов пен "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Мүшелбай 1-2 курс студенттеріне "Қазақстандағы этносаралық қатынастардың мәселелері: сепаратизм", "Қазақ тілі – этносаралық қатынас тілі" тақырыптарында ақпараттық әңгіме өткізді.
Студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, тілдің қоғамдағы рөліне қатысты сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушыларға бейбітшілік пен келісімді сақтауға, экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұруға шақырылды.

