Кітап – рухани байлықтың кілті
- Толығырақ
- Құрылды 28.10.2025 12:04
2025 жылдың 22 қазан күні «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледжіміздің кітапханашысы Р.К. Расулова
«Кітап – рухани байлықтың кілті» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс – шараға колледжіміздің 1-2 курс студенттері мен оқытушылары қатысты.
Кітапханашы іс-шараны кіріспе сөзбен ашып, кітаптың адам өміріндегі, қоғам мен рухани дамудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге кітап оқу мәдениеті, кітапхана қызметінің маңызы және кітапханашы мамандығының жауапкершілігі туралы әңгіме өрбіді.
Шара барысында студенттер арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің білімдері мен жылдам жауап беру қабілеттерін көрсетті.
Кітапханашының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар бол» атты кітап көрмесі қойылып, көрмеге классикалық және заманауи әдебиеттер топтамасы ұсынылды.

2025 жылдың 22 қазан күні «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледжіміздің кітапханашысы Р.К. Расулова «Кітап – рухани байлықтың кілті» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс – шараға колледжіміздің 1-2 курс студенттері мен оқытушылары қатысты.