05/09/2026  Сенбі

Ауа райы

Біздің колледжде Ашық есік күні!

Бүгін "Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі" КММ қабырғасында жарқын да мазмұнды іс-шара – Ашық есік күні өтті.

Қонақтарымыз – мектеп оқушылары мен болашақ талапкерлер колледжбен, мамандықтармен және оқу бағдарламаларымен танысты.

Оқушыларға арнайы кабинеттер мен зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқытушылар шеберлік сағаттарын өткізді.

Студенттеріміз өздерінің оқу тәжірибелерімен, шығармашылық және спорттық жетістіктерімен бөлісті.

Атмосфера достыққа толы, жігерлендіретін болды! Колледжімізге келген және қызығушылық танытқан баршаға алғыс айтамыз.