05/09/2026  Сенбі

Ауа райы

16 қыркүйек күні әлеуметтік педагог Г.К.Аткенова «Қауіпсіз интернет: өзіңді цифрлық әлемде қалай қорғауға болады» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

 

Іс-шара барысында желідегі өзекті қауіптер: фишинг, интернет-алаяқтық, кибербуллинг, жеке деректердің таралуы және жалған ақпараттың кеңеюі талқыланды. Студенттер топтарға бөлініп, кейстерді

талдап, өз ойларын білдіріп, шешу жолдарын ұсынды. Киберсауаттылық деңгейін анықтау мақсатында блиц-сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде қатысушылардың көпшілігінде жеткілікті деңгей байқалса, кейбір студенттерге қосымша жұмыс қажеттігі анықталды. Дөңгелек үстелдің атмосферасы белсенді әрі пікірталасқа толы болды, қатысушылар жоғары қызығушылық пен ынтасын танытты. Соңында барлығына «Интернеттегі қауіпсіздіктің 10 ережесі» атты жадынама таратылды. Іс-шара мақсатына жетті.

 

16511

16512

16513

16514